×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

Рамзан Қадыровқа туған күнінде "Шешенстан Батыры" атағы берілді

Бүгін, 15:48
Рамзан Қадыровқа туған күнінде "Шешенстан Батыры" атағы берілді
Чечня сегодня

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа «Шешен Республикасының Батыры» атағы берілді. Марапатты оған премьер-министр Магомед Даудов Грозный қаласында жаңа үкімет кешенінің ашылу салтанатында табыстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Қадыров бұл марапатты «мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін» алған. Магомед Даудовтың айтуынша, бұл шешім — Шешенстанның бірінші президенті Ахмат-Хаджи Қадыровтың командасының бастамасы болған.

Премьер-министр Қадыровты «Шешен халқының лайықты ұлы, өңірдің экономикасы, білімі, спорты мен мәдениетінің дамуына зор серпін берген тұлға» деп атады.

Контекст

5 тамыз күні Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров тағы бір құрметті лауазымға ие болғаны белгілі болды. Ол Газа халқына көмек көрсету жұмыстарын үйлестіруші (куратор) болып тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары