×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

«Ешкім авторитет емес...» - белсенді танымал журналисті сынап тастады

Бүгін, 22:05
«Ешкім авторитет емес...» - белсенді танымал журналисті сынап тастады
Әлеуметтік желіден

Танымал белсенді Абзал Достияр тәжірибелі журналист Махат Садықты сынап жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҰЯЛМАЙ-ҚЫЗАРМАЙ...”

Ол желідегі жазбасын әуелі журналист Махат Садықты таныстырудан бастайды. 

“Оқушы кезімнен аты-жөні жақсы таныс Махат Садық деген журналист бар.Өмір бойы мемлекеттік телеарналарда бұрын Назарбаев билігінің, беріде Тоқаев билігінің насихатын белсене жүргізіп келе жатқан журналист ретінде белгілі.Сол журналист ұялмай-қызармай Асылхан Мамашұсоқтығыпты, аузына келгенін жазған, хайп қуып жүр, оны тоқтату керек деп көкіген” – дейді Достияр.

Содан кейін белсенді Абзал Достияр Асылхан Мамашұлы кім деген сұраққа өзі жауап береді.

“Асылхан Мамашұлы кім?Асылхан Мамашұлы менің түсінігімде тек ғана журналист емес, ол ғалым деңгейінде азамат.Неге дейсіз бе? Ол әуел бастан Қазақ Энциклопедиясында істеп,зерттеушілікке ден қойған адам, архив ақтарғаннан рахат алатын маман.Әрине ол кісі өзін ғалым санамайды, қарапайым кісі.Елімізде әр уақыттағы қиын жағдайларда өз пікірін ашық айтқан”- деп жазды белсенді. 

“ОЛАРҒА ЕШКІМ АВТОРИТЕТ ЕМЕС:..”

Оның артынан неліктен Махат Садыққа жазба арнап отырғанын ашып жазады. 

“Махат Садық осы алпысқа келгенше ақиқатқа жақындап көрмеген пенде.30 жыл ішінде қаншама рет қиын жағдайлар болды, бірде-бір рет сайлау әділ өткен емес, оппозициялық саясаткерлер қастандықтан қаза тапты, Жаңаөзенде қан төгілді, халыққа оқ атылды.Жер дауы қаншама рет болды, митинг арқылы жер бірнеше рет қорғалды.Кеше “Қаңтар көтерілісі” кезінде тағы да халыққа оқ атылды, бейбіт азаматтар оққа ұшты, жүздеген шаңырақ ортасына түсті, жетім мен жесір қалды аңырап.Бұлбұл журналист Махат Садыққа айтарым мынау: “Қазір заман басқа, жаңа буын өсіп келеді, оларға ешкім авторитет емес, ешкімді атақ-даңқына қарап құрметтемейді”Кез-келген тұлғаға азаматтығына қарап баға берілетінін ұмытпауымыз керек”- деп жазды Абзал Достияр. 

Достиярдың бұндай жауап жазуына Махат Садықтың желідегі жазбасы себеп болған. Ол жеке парақшасында Қадыр Мырза Әли мен Жұбан Молдағалиевті дәріптеп жазба жариялаған. Себебі журналист Асылхан Мамашұлы деректі фильмінде осы екі ақынның Кеңес Одағы кезіндегі өлеңдерін мысалға келтіріп талдау жасаған. 

МАХАТ САДЫҚ 

Махат Кәбірұлы Садық — 1965 жылы 19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.Еңбек жолын 1989 жылы Қазақ радиосында тілші болып бастаған. Кейін «Хабар» агенттігінде редактор, комментатор, «Жеті күн» бағдарламасының авторы және жүргізушісі ретінде жұмыс істеген.  «Қазақстан» телеарнасында бас редактор, Қазақстан Президенті Телерадио кешенінің бас директоры, ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінде, Парламент Сенатында баспасөз қызметінде жетекші, «Қазақстан» РТРК АҚ-да басқарма төрағасының орынбасары, «Астана» радиосының директоры қызметтерін атқарған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ретінде де мемлекеттік қызметте еңбек еткен.Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан Президентінің степендиясының иегері, Халықаралық Телевидение және Радио Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болған.

Серіктес жаңалықтары