×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

«Қазақша сөйлеймін...» : ресейлік баласын қазақша балабақшаға берді

Бүгін, 23:05
«Қазақша сөйлеймін...» : ресейлік баласын қазақша балабақшаға берді
Ашық дереккөзден

Ресейлік Глория Яшенина үш жылдан астам уақыт бұрын отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елге келген алғашқы күннен бастап ол мемлекеттік тілді үйрене бастаған, ал жуырда қызы Кирені қазақ тілінде тәрбиелейтін балабақшаға беру туралы шешім қабылдады.

АНАНЫҢ ӘҢГІМЕСІ

“Бұл шешімді ұзақ ойландым, қызымды қазақ тобына беру дұрыс па, жоқ па деп көп күмәндандым. Тіпті тәрбиешілердің өзі де күмәнданды, бірақ ақыры байқап көруге бел будық. Екі-ақ күннен кейін ол балалармен ойнай бастады, Амина есімді құрбы тапты. Апай бәрін аударады: Кира бірдеңе орысша айтады, апай оны балаларға қазақша жеткізеді. Әзірге ешқандай қиындық байқамадым. Әрине, мен қызым бүгін балабақшадан келіп, “мама, қазақша сөйлеймін” деп айтатын күнді күтпеймін. Бастысы – бейімделу процесі жүріп жатыр, бәрі жақсы, – дейді Глория.

ҚАЗНЕТТІҢ РЕАКЦИЯСЫ

YouTube қолданушылары Глорияның шешімін қолдап, “Көп тіл білу ешкімге кедергі болған емес” деп пікір қалдырған. Сондай-ақ желі қолданушылары оның қазақ тілі мен мәдениетіне құрметпен қарағанына ризашылықтарын білдірді.

Серіктес жаңалықтары