×
547.57
642.63
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
547.57
642.63
6.68

«Әлі ештеңе ұтқан жоқ» - Смақов Қалмұрзаға ақылын айтты

Бүгін, 23:35
«Әлі ештеңе ұтқан жоқ» - Смақов Қалмұрзаға ақылын айтты
Әлеуметтік желіден

Жетісу командасының бас бапкері Самат Смақов "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көп эфирге шықпауға кеңес берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белгілі футболшы, қазір “Жетісу” клубының бас бапкері Самат Смақов “Қайраттың” жұлдызды қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға кеңес бергенін айтты. 

“Шерхан әлі өте жас. Мысалы, Еркебұлан Сейдахмет “Уфаға” ауысқан кезде бәрі оны “тұншықтырып” жіберді: “Еркебұлан дәретханаға барды”, “Еркебұлан “coco-cola” сатып алды”, “Еркебұлан мынаны істеді” деген сияқты жаңалықтар толып кетті. Соңында таланттан айырылдық.Қазір ең бастысы балаларға қысым жасамау, керісінше, қолдау көрсету. Олар әлі ештеңе ұтқан жоқ, сондықтан шамадан тыс мадақтаудың қажеті жоқ. Бір сәтте бүкіл бір буынды жоғалтып алу қауіпі бар”, – деді ол.

ШЕРХАН ҚАЛМҰРЗА 

Шерхан Қалмұрза — Қазақстан футболының жас жұлдызы, қақпашы позициясында ойнайды. Ол 2007 жылы 15 маусымда дүниеге келген. Бойы — 187 см. Қазіргі таңда «Қайрат» футбол клубының негізгі құрамында өнер көрсетеді.2025 жылы 14 қыркүйекте Қазақстан Премьер-лигасында «Ақтөбеге» қарсы ойында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты. Сол жылы УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын португалиялық «Спортингке» қарсы өткізді. Матч барысында пенальти қайтарып, тарихи нәтижеге қол жеткізді — Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылардың бірі атанды.

Алматылық "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза биылғы Чемпиондар лигасында соққы қайтару көрсеткіші бойынша үздік үштікке кіргенін жазған едік. 

САМАТ СМАҚОВ

Самат  Смақов — қазақ футболының аңызы, Қазақстан ұлттық құрамасының тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшы. Ол 1978 жылы 8 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Қорғаушы позициясында ойнаған. Клубтық мансабын 1997 жылы «Елімай» командасынан бастады. Кейін «Ертіс», Ресейдің «Ростсельмаш», «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе», Түркияның «Ризеспор», «Ордабасы» секілді клубтарда өнер көрсетті. Әсіресе «Ақтөбе» сапында капитан ретінде бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанып, клубтың алтын дәуірін қалыптастырды. Ұлттық құрамада 76 ойын өткізіп, рекорд орнатқан. 2018 жылы кәсіби мансабын аяқтаған соң, футбол саласында басшылық қызметтер атқарды — «Ақтөбе» клубының спорт директоры, кейін бас бапкері болды. Қазір “Жетісу” клубының бас бапкері. 

Серіктес жаңалықтары