×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

Салтанат Нүкенованың есімі әулиелермен теңестірілген

Бүгін, 08:28
Салтанат Нүкенованың есімі әулиелермен теңестірілген
Ulysmedia.kz коллажы

Салтанат Нүкенованың есімі «Амангелді» туристік кешеніндегі мемориалдық тақтаға енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанаттың аты Қазақстан тарихына ықпал еткен тұлғалардың қатарында сақталатын болды.

Бұл туралы марқұмның ағасы Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Амангелді» туристік кешенінің негізін Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы Сапар Ысқақов қалаған. Кешен аумағында мемориалдық қабырға мен пантеон орналасқан. Дәл осы жерде Салтанат Нүкенованың есімі қашалып жазылған ескерткіш тақта орнатылды.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, бұған дейін Павлодардан әкелінген топырақ пантеонға жеткізіліп, капсула түрінде мемориалға қойылған.

- Сол жерге Салтанатты Қазақстан тарихына ықпал еткен тұлғалардың қатарына қосып, есімін мәрмәр тақтаға жазды, – деп жазды ол.

СОТ ҮКІМІ

Еске салайық, 2024 жылғы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары