×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

Үкімет отырысында Олжас Бектенов залдан шығып кетті

Бүгін, 10:58
Үкімет отырысында Олжас Бектенов залдан шығып кетті
скриншот

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысы өтіп жатқан уақытта залдан шығып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Бүгінгі Үкімет отырысында күтпеген жағдай орын алды. Премьер-министр Олжас Бектенов отырыстың басында жаңа Ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға ант беру үшін сөз берді. Алайда оның сөйлеуі кезінде премьерге телефон қоңырауы келіп, ол күтпеген жерден залдан шығып кетті. 

Сүлейменова Қазақстан халқы мен президентіне ант беріп жатқан уақытта премьер-министрдің креслосы бос тұрды. Аздаған үзілістен кейін үкімет отырысын жүргізуді премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жалғастырды. Біраз уақыттан кейін Бектенов залға қайтып оралды.

Олжас Бектеновтің не себепті үкімет отырысының ортасында залдан шығып кеткені, кімнің телефон шалғаны белгісіз.

Серіктес жаңалықтары