×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

Каспийге қауіп төнді: Қазақстан түркі елдерін күш біріктіруге шақырды

Бүгін, 17:20
Каспийге қауіп төнді: Қазақстан түркі елдерін күш біріктіруге шақырды
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитіне қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі таңда әлемдегі ең күрделі жаһандық мәселелердің бірі – су тапшылығы. Бұл Орталық Азия үшін ең өзекті сын-қатерге айналуы мүмкін.

– Өзендердің су ресурстары – ортақ игілік екенін ескере отырып, біз олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін жаңа тәсілдерге мұқтажбыз. Ирригациялық жүйелерді цифрлық бақылауды, тамшылатып суару әдістерін кеңінен қолдануды және су қоймаларының тиімділігін арттыруды қамтитын бірлескен бағдарламаны қабылдау мүмкіндігін қарастыру қажет. Қазір Каспий теңізінің тартылып бара жатқанын білесіздер. Бұл hepімізді алаңдатады. Каспий – түркі әлемінің бірегей нышаны, халықтарымызды байланыстырып тұрған дәнекер. Соңғы жылдары теңіз деңгейінің төмендеуі өңірдің экологиясына да, экономикасына да теріс әсерін тигізуде. Бұл ғаламдық маңызы бар мәселені мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде және БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында көтердім. Көрші әрі бауырлас елдер ретінде біз Каспийдің жағдайын жақсартуға айрықша назар аударуымыз керек. Түркі мемлекеттерін осы бағытта күш біріктіріп, бірлескен жобалар әзірлеуге және тиісті халықаралық бастамаларды қолдауға шақырамын. Түркі елдері бұл форумға қатысып, жоғары деңгейде өкілдік етеді деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

САММИТ

Мемлекет басшысы сонымен қатар келесі жылдың сәуір айында БҰҰ қолдауымен «Тұрақты болашақтың ортақ көзқарасы» тақырыбында өңірлік саммит өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

КОНТЕКСТ

«Save the Caspian Sea» атты халықаралық қозғалыс Каспий теңізі мен оның жағалауындағы экожүйелерді қорғауға бағытталған кешенді жоспар әзірледі. Бұл су айдынын сақтау мақсатындағы 10 нақты шарадан тұрады.

Серіктес жаңалықтары