Карантинге жататын ірі тауар партиясы Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау қызметі Саратов облысы арқылы Ресейге карантиндік бақылаудағы өнімді заңсыз әкелу әрекетінің жолы кесілгенін мәлімдеді. 5 қазан күні «Озинки» автокөлік өткізу пунктінде 46,4 тонна кептірілген алма, итмұрын, өрік, курага, жаңғақ және аралас дәмдеуіштер тиелген жүк көліктері тоқтатылған.
СЕБЕП
Ведомство өкілдерінің айтуынша, тауарлардың таңбалауы фитосанитарлық сертификатта көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген. Анықталған сәйкессіздіктерге байланысты заң бұзушыларға барлық өнімді кері, Қазақстан аумағына қайтару туралы нұсқама берілген.