×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

Өтемұратов, Смағұлов, Боранбаев - «Forbes» тізімінде кімдер бар

Бүгін, 20:25
Өтемұратов, Смағұлов, Боранбаев - «Forbes» тізімінде кімдер бар
Ulysmedia коллажы

Forbes Kazakhstan биыл он бесінші рет елдегі ең ықпалды бизнесмендердің тізімін жариялады. Жаңартылған рейтингке банкирлер мен құрылыс саласының өкілдері, жас финтех-кәсіпкерлер және тіпті еркіндігіне активтерін айырбастаған Қайрат Боранбаев та енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ЫҚПАЛДЫ БИЗНЕСМЕНДЕР АТАЛДЫ

Рейтинг авторларының айтуынша, бұл классикалық «ең бай адамдар» тізімі емес. Мұнда мәселе тек қаржыда емес, қоғам мен экономикаға ықпал ету қабілетінде. Соңғы жылдары қазақстандық бизнес тек инвестициямен шектелмей, өнер, спорт және әлеуметтік жобаларға да араласып келеді.

«2025 жыл – бірнеше айшықты бастамалармен есте қалмақ. Нұрлан Смағұлов еліміздегі алғашқы заманауи өнер музейін – Almaty Museum of Arts-ты ашты. Ал рейтингке қайта енген Қайрат Боранбаев заманауи мәдениет орталығы Целинныйды таныстырды. Оның «Қайрат» футбол клубы тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті. Сарапшылар мұны қазақстандық футболдың жаңа белесі деп бағалады», – деп жазады Forbes Kazakhstan.

ФОРБЕС ТІЗІМІНІҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ

Биылғы рейтингті Forte Bank-тің негізгі иесі, «КаР-Тел» телеком-компаниясының және Narxoz University-дің қожайыны, сондай-ақ Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов бастап тұр.

Одан кейінгі орында – Kaspi Bank директорлар кеңесінің төрағасы, елдегі ең бай кәсіпкер Вячеслав Ким.

Үшінші орынды Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов иеленген. Оның активтерінің қатарында MEGA сауда орталықтар желісі мен Mycar экожүйесі бар.

ЖАҢА ЕСІМДЕР МЕН ҚАЙТЫП ОРАЛҒАН КӘСІПКЕРЛЕР

Тізімге қайта енгендердің ішінде Қайрат Боранбаев бар – ол бірден 20-орынға көтерілген. Бұған «Қайрат» клубының жетістіктері әсер еткен.

Рейтингке жаңадан енген жалғыз кәсіпкер – 42 жастағы Айғазы Құсайынов. Ол International Educational Corporation Ltd иесі. Холдинг құрамында ҚазГАСА, Қазақ-Америка университеті (КАУ), Digital College және Charterhouse Almaty сынды оқу орындары бар.

ЖАС ПЕН КӘРІ БИЗНЕСМЕНДЕР, ӘЙЕЛ ӨКІЛІ ТЕК БІРЕУ

Ең егде ықпалды кәсіпкер – 76 жастағы Серікжан Сейтжанов (ФТПК «Оңтүстік», 27-орын).

Ең жас бизнесмен – Тимур Турлов.

Тізімдегі жалғыз әйел – Гаухар Қаппарова (Lancaster Group, 38-орын).

Серіктес жаңалықтары