×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны сталиндік репрессия құрбаны деп танылды

Бүгін, 11:27
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны сталиндік репрессия құрбаны деп танылды
Фото: Рустем Эминовтың картинасы

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны сталиндік репрессия құрбаны деп танылып, оған арнайы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Orda сайтының жазуынша, әйел адам 1953 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Ол — 1937 жылы кеңес билігінің шешімімен Қиыр Шығыстан Қазақстанға күштеп көшірілген корей отбасынан шыққан. Сол кезде НКВД шамамен 172 мың адамды Қазақстан мен Өзбекстанға мәрбүрлеп қоныс аудартқан.

«Өтініш иесінің әкесі жаппай қоныс аудару кезінде репрессияға ұшыраған, ал анасы балаларымен бірге арнайы қонысқа жіберілген. Бұл фактілер құжаттармен және мұрағаттық анықтамалармен расталды. Бұған дейін әйелдің әпкесі де дәл осындай мәртебе алған», — деген шешімге келген сот.

Енді ол саяси репрессия құрбаны мәртебесіне және тиісті әлеуметтік қолдауға ие болуға құқылы. Алайда, бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

«Үлкен террор» жылдары — 1937–1938 жылдары — 1284 қазақстандық сотталып, олардың 1100-ден астамы ату жазасына кесілді. Құрбандардың қатарында белгілі мемлекет және мәдениет қайраткерлері де болды: Әлихан Бөкейхенов, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және басқалар. Олардың барлығы кейіннен ақталып, толық реабилитацияланған.

Серіктес жаңалықтары