×
541.63
632.24
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.63
632.24
6.61

Суперкомпьютер мен жасанды интеллект Nazarbayev University зерттеушілеріне қалай көмектеседі

Бүгін, 15:30
Суперкомпьютер мен жасанды интеллект Nazarbayev University зерттеушілеріне қалай көмектеседі
Ашық дереккөзден

ЖИ ғылымға, медицинаға және білімге белсенді түрде енуде. Зерттеу жобаларын жүзеге асыру үшін ғалымдардың сұраныстарын мен тапсырмаларын жылдамырақ әрі тиімдірек өңдеуге мүмкіндік беретін суперкомпьютерлердің қуаты қажет. NU 2018 жылдан бастап өзінің есептеу ресурстарын суперкомпьютерлермен толықтыра бастады, жүйелерді кезең-кезеңімен жаңартып отырды. Биыл инфрақұрылым соңғы буынның қуатты суперкомпьютерімен толықтырылды. Ол Іргетас деп аталады. Оның қуаты алдыңғы үлгілерден қырық есе жоғары. Демек, зерттеушілер өз ғылыми әзірлемелерін бұрынғыдан да жылдам әрі нәтижелі жүзеге асыра алады.

NU жасанды интеллект көмегімен күрделі математикасыз тенсегрити-роботтарды басқаруды дамытып жатыр

Доктор Азамат Ешмұхаметов жетекшілік ететін ARMS зертханасының ғалымдары робототехника саласында серпіліс жасап, күрделі математикалық есептеулерді қажет етпейтін жасанды интеллектке негізделген тенсегрити-роботтарды басқару әдісін жасады. Тенсегрити (ағылшынның tensional integrity — «кернеулі тұтастық» деген сөзінен шыққан) — қатаң таяқшалар керілген тростар жүйесі арқылы ұсталып тұратын құрылыс принципі, бұл құрылымдарды жеңіл, икемді әрі берік етеді. Мұндай роботтар энергия үнемді және төзімді, бірақ дәстүрлі теңдеулермен басқару өте қиын. Көлемді есептеулерді машиналық оқытуға алмастыру арқылы команда роботтардың нақты жағдайларға жақсы бейімделуін және қозғалуын қамтамасыз етті. Олардың зерттеуі жуырда Robotics and Autonomous Systems журналында жарияланды және мұндай роботтарды ғарыштық миссияларда, апат салдарын жоюда және басқа да күрделі ортада қолдануға жаңа мүмкіндіктер ашады.

NU ғалымы жасанды интеллектті таза энергетика мен жасыл химияны дамытуға қолдануда

Профессор Нұршат Нуражи жасанды интеллект пен зертханалық тәжірибелерді үйлестіріп, тұрақты шешімдерді іздеуді жеделдетуде. Жасыл сутегі жобасында оның тобы тәжірибелік деректер мен ЖИ-модельдеуді қолданып, таза сутегін алуға қажетті негізгі материалдар — тиімді фотокатализаторларды болжауда және жасауда. Биомассаны қайта өңдеуге арналған басқа жобада ЖИ ғалымдарға тәжірибелерді жоғары тиімділікпен жобалауға көмектесіп, табиғи қалдықтарды құнды химиялық заттар мен дәрілерге айналдырады. Осы бастамаларды қолдау үшін профессор Нуражи зертханасында теориялық модельдеу тобын құрды. Олар ЖИ-ді тәжірибелерді жоспарлау мен олардың тиімділігін арттыру құралы ретінде пайдаланады.

NU Жоғары бизнес мектебі аудиторияға “AI Jockey”-ді енгізуде

Доктор Том Винаимонттың жетекшілігімен Бизнес мектебі “AI Jockey” атты интерактивті ЖИ-көмекшіні іске қосуға дайындалуда. Ол лекциялық слайдтардың қасында екінші экранда пайда болып, студенттер кезекпен оған сұрақ қойып, мысалдар сұрай алады немесе идеяларды нақты уақыт режимінде талқылай алады. Көптеген университеттер оқу процесінде ЖИ-ге әлі сақтықпен қараса, NU батыл қадам жасап, AI Jockey жүйесін енгізуде. Бұл оқу процесін анағұрлым динамикалық етіп, студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және жасанды интеллект негізгі рөл атқаратын әлемде көшбасшылыққа дайындауға бағытталған.

NU жасанды интеллектті пайдалана отырып, мидың ауруларын зерттеуге арналған қытай-қазақ бірлескен зертханасын ашты

NU Қытайдағы мамандандырылған клиникамен бірлесіп, дәстүрлі қытай медицинасын қолдану арқылы мидың ауруларын емдеуге арналған “Бір белдеу, бір жол” бірлескен зертханасын іске қосты. Ғалымдар мұндай емдеу әдістеріне ми жасушаларының реакциясын зерттеп, олардың әсерін тереңірек түсінуді және болашақта медициналық қолдану мүмкіндіктерін қарастыруды мақсат етеді. Зертхана жұмысына адамның мүмкіндіктерінен тыс үлкен деректерді талдау үшін жасанды интеллект те енгізілген. Бұл медицина саласындағы халықаралық зерттеулердің жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді.

Бұл NU ғалымдары ЖИ мен суперкомпьютерлердің қуатын біріктіру арқылы жүзеге асырып жатқан жобалардың тек бір бөлігі ғана.

Серіктес жаңалықтары