×
540.06
628.25
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.06
628.25
6.61

Қазақстандық шаруалар Ресейден келетін контрабанданы тоқтатуды талап етті

Бүгін, 17:19
Қазақстандық шаруалар Ресейден келетін контрабанданы тоқтатуды талап етті
Коллаж: ulysmedia.kz

Арзан ресейлік астық Қазақстанға қайтадан заңсыз жолмен әкелініп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның Астық одағы ресейлік астықты автокөлікпен тасымалдауға тыйым салуды ұсынды, деп жазады apk-news.kz. Одақ өкілдерінің айтуынша, тасымал көлемі құжаттарда көрсетілгеннен әлдеқайда аз етіп жазылады, ал есеп айырысу көбіне қолма-қол түрде жүргізіледі. Мұндай контрабандалық тасымалдар отандық бидай бағасының төмендеуіне әкеліп соғуда. Сарапшылар шекара бекеттерінде салмақтық бақылау жүйелері орнатылғанға дейін автотасымалға уақытша тыйым енгізуді ұсынады.

– Құжатта 18 тонна деп көрсетеді, ал шын мәнінде 40 тоннаға дейін тасиды. Астық үшін есеп айырысу негізінен қолма-қол ақша арқылы жүреді. Сібірде баға түсіп кеткен, элеваторлар толып тұр, сондықтан олар тікелей сата береді. Олардағы элеватор мәселесі бізге қарағанда да өткір. Маусым басында олардың элеваторларының жүктемесі 50% болған. Автокөлікпен тасымалдауға тыйым салу керек, бұл шекаралық бекеттер салмақтық бақылау жүйелерімен жабдықталғанға дейін жалғасуы тиіс. Барлық бекеттерге орнату міндетті емес — әр облыста 2-3 бекет жабдықтап, астықты тек сол арқылы өткізуге болады, – деді Астық одағының өкілі Евгений Карабанов.

ЭКСПОРТТАУШЫЛАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

KazGrain ұлттық экспорттаушылар қауымдастығында импортқа тыйым салу мәселені шешпейді, бастысы — шекарада бақылауды күшейту керек деп санайды. Ұйым өкілдері ресейлік астықты қазақстандық өнім ретінде көрсетпеу үшін жалпы жиын көлемін реттеу қажет екенін атап өтті.

– Қазақстан тарапы соңғы 6–7 жылда импортты бақылауға арналған таразыларды орната алмай келеді. Мұнда мәселе контрабандамен күресте кешенді тәсіл қажет болуында. Барлық импортты «Продкорпорация» секілді бір компанияның қолына беру дұрыс емес, – деді қауымдастық төрағасы Зейнолла Абдуманапов.

Серіктес жаңалықтары