Nazarbayev University әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі саналатын Times Higher Education WUR 2026 рейтингінде бір жыл ішінде бірден 100 позицияға көтерілді. Бұл туралы университеттің вице-президенті, бизнес-администрирование докторы Әсел Увалиева мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ашылғанына небәрі 15 жыл болған университет осылайша Қазақстанның академиялық беделін жаһандық деңгейде нығайтып отыр.
Посткеңестік кеңістіктегі жоғары оқу орындарының ішінде Назарбаев Университеті төртінші орынға көтерілді. Ол Ресейдің экономика және саясат саласындағы жетекші білім және зерттеу орталығы саналатын Жоғары экономика мектебін және Ұлттық ядролық зерттеу университеті (МИФИ) секілді беделді оқу орындарын басып озды. Ал алғашқы үштікте – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (МГУ), Мәскеу физика-техникалық институты (МФТИ) және Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (МГТУ).
Айта кетейік, Nazarbayev University бұл жаһандық рейтингке алғаш рет 2024 жылы енген болатын. Бар болғаны екі жыл ішінде университет айтарлықтай серпіліс жасап, Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы №1 жоғары оқу орны мәртебесін тағы бір мәрте растады.
Әсел Увалиеваның айтуынша, бұл жетістік – Қазақстан үшін тарихи оқиға.