×
540.06
628.25
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.06
628.25
6.61

Путин Ресейдің AZAL ұшағын атып түсіргенін мойындады

Бүгін, 18:35
Путин Ресейдің AZAL ұшағын атып түсіргенін мойындады
коллаж: Ulysmedia.kz

Ресей президенті Владимир Путин өткен жылдың желтоқсанында Ақтауда құлаған Әзербайжан әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатына Мәскеу кінәлі екенін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Путин Ресей тарапынан өтемақы төленетінін мәлімдеді.

9 қазанда Душанбеде Әзербайжан мен Ресей президенттерінің кездесуі өтті. Кремль таратқан қысқа видеода Путиннің Ильхам Әлиевке сол оқиға үшін бұған дейін кешірім сұрағанын еске салған сәті бейнеленген.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау ма­ңында Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) бет ал­ған әзербайжандық AZAL әуе компания­сының Embraer 190 жолаушылар ұшағы құлап, борттағы 67 адамның 29-ы аман қалып, 38-і қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары