Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі сайтында жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мысыр Араб Республикасының Астанадағы Елшілігінің ресми ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан азаматтарына қатысты визалық режимге енгізілген жаңа талаптар күшіне енді.
Жаңа тәртіпке сәйкес:
БҰҒАН ДЕЙІН
2025 жылдың 12 қазанынан бастап Еуроодақ шекараларында жаңа кіру/шығу жүйесі іске қосылатынын, бұл жүйе шекаралық бақылауды жылдамдату мақсатында енгізілетінін хабарлаған едік.
ЕУРООДАҚ ШЕКАРАДАҒЫ БАҚЫЛАУДЫ ҚАТАЙТАДЫ
Алғашында 2024 жылдың қарашасында іске қосылуы жоспарланғанымен, ЕО елдеріне дайындалуға қосымша уақыт беріліп, енгізу мерзімі кейінге шегерілген.
БИОМЕТРИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ: ПАСПОРТ ШТАМПТАРЫМЕН ҚОШТАСУ
КШЖ (Кіру/Шығу Жүйесі) — биометриялық жүйе. Ол ЕО-ға кірмейтін елдердің азаматтарының 90 күнге дейінгі қысқа мерзімді сапарларын тіркейді. Жүйе саусақ іздері мен бет бейнесін жинап, паспортқа штамп қою қажеттілігін жояды.