×
541.54
629.16
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.54
629.16
6.64

Нобель сыйлығы Трампқа бұйырмады

Бүгін, 15:07
Нобель сыйлығы Трампқа бұйырмады
© РИА Новости / Аврора . Adam Baker

2025 жылғы Нобельдің бейбітшілік сыйлығы Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадоға берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Демократия үшін күрес бағаланды

Норвегия Нобель комитетінің мәлімдемесінде Мачадо Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын ілгерілету жолындағы қажырлы еңбегі мен диктатурадан демократияға әділ әрі бейбіт жолмен өтуге бағытталған күресі үшін марапатталғаны айтылды.

Нобель Трампқа бұйырмады

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін бірнеше рет өзін Нобель сыйлығына лайық деп мәлімдеген еді. Ол Ақ үйге қайта оралғаннан кейін бірнеше соғысты тоқтатқанын алға тартқан. Бұл туралы BBC жазды.

Алайда Нобель комитетінің өкілі Трампқа сыйлық неге берілмегені туралы сұраққа:

– Біздің шешімдеріміз тек Альфред Нобельдің еңбектері мен қағидаттарына негізделеді, ал қоғамдық кампаниялар ескерілмейді, – деп жауап берген.

Соңғы жетістігі – Таяу Шығыстағы келісім

Трамптың соңғы әрі, мүмкін, ең маңызды дипломатиялық жетістігі — Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасында қол қойылған атысты тоқтату және израильдік тұтқындарды қайтару туралы келісім. Бұл құжатқа тараптар сәрсенбі күні қол қойған.

Серіктес жаңалықтары