×
541.54
629.16
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.54
629.16
6.64

«Мені Бишімбаевтың адвокатымен салыстырмаңдар»: 600 мың теңгелік торт дауы жалғасуда

«Мені Бишімбаевтың адвокатымен салыстырмаңдар»: 600 мың теңгелік торт дауы жалғасуда
Фото: Ұлысмедиа

Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында кондитер Нұршат Ақбергенова мен блогер Аселина Батырбековаға (Асел Батыр) қатысты азаматтық іс бойынша алдын ала тыңдалым өтуде. Даудың басы 600 мың теңге тұратын торттан басталып, моралдық зиян келтіру шағымымен ұласты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгінгі Сот отырысына тараптардың барлығы дерлік қатысып жатыр. Тек блогер Аселина Батыр өзі келмеді. Себебі ол Қазақстанда тұрмайды. Блогердің мүддесін қорғаушы адвокат Ғазиза Әмірбекова тыңдалым басталар алдында журналистерге ескерту жасады. Оның сөзінше, әлеуметтік желі қолданушылары оны Қуанышбек Бишімбаевтың адвокатымен салыстырып жатыр.

- Мені Бишімбаевтың қорғаушысымен салыстырып жатырсыздар. Сонда Асел — Бишімбаев деңгейіндегі қылмыскер ме? Объектив болыңыздар. Егер жалған ақпарат таратсаңыздар, біз арызданамыз. Мұны жай қалдырмаймыз,— деді Әмірбекова.

Адвокат сонымен қатар, қарсы тараптың “моральдық зиян шекті” деген уәжіне күмән келтірді.

- Мен бұл оқиғадан моральдық тұрғыда зардап шеккен адамды көріп тұрған жоқпын. Керісінше, онымен бәрі суретке түсіп, танымал тұлға сияқты қабылдап жүр», — деді ол.

Сотта адвокат кондитердің моральдық азап шеккен уақытына қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, “жеті күн, үш түн” деп көрсетілген жауап шындыққа сай келмейді:

- Қалай моральдық азап шеккен болады? Күніне 150 пост жазып, 250 сұхбат беріп жүрген адамды қалай “жәбірленуші” деуге болады?, — деді адвокат.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, бұл іс қоғамда үлкен резонанс туғызған. Бұған дейін блогер Аселина Батырдың өкілі сот отырысында саяси, психологиялық және филологиялық сараптама тағайындауды сұрады. Ол мұндай кешенді сараптама кімнің агрессор, ал кімнің жәбірленуші екенін анықтау үшін қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, өкіл отырысты жабық форматта өткізуді сұраған еді. Оның сөзінше, бұл процесс азаматтық даудың шегінен шығып, саяси сипат ала бастаған. Өйткені іске Еуроодақ дипломатының жұбайына қатысты.

Серіктес жаңалықтары