×
541.54
629.16
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.54
629.16
6.64

Динара Сәтжан олигархтың жұбайын қорғап, қоғамды сынады

Динара Сәтжан олигархтың жұбайын қорғап, қоғамды сынады
Әлеуметтік желіден

Белгілі тележурналист Динара Сәтжан әлеуметтік желіде BeWoman форумын ұйымдастырған Жанна Канды қорғап жазба жариялады. Ол қоғамда бірін-бірі аяусыз сынау мен «жеккөрушілік мәдениеті» күшейіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТІЛ ТИГІЗУГЕ ДАЙЫН ТҰРАТЫН ҚОҒАМ

Тележурналистің айтуынша, ел азаматтары бірін-бірі қолдаудың орнына, өзгеге тіл тигізуге дайын тұратын қоғамға айналған.

– Біз баяу болса да хейтерлер еліне айналып барамыз. Ең сорақысы – мұны сырт адамдар емес, өзіміз істейміз, – деп жазды Сәтжан.

Ол сондай-ақ форум ұйымдастырған кәсіпкерді сынға алғандарды қосарланған стандарт ұстанады деп айыптады.

– 700 млн теңгеге өткізілген мемлекеттік шараға ешкім тіс жармайды. Ол өз ақшасына форум жасады.Бәрі шулап кетті, – деді ол.

“ӘЙЕЛ ӘЙЕЛДІ АЯМАЙДЫ”

Сәтжан өз жазбасында әйелдердің бір-бірін қолдамай, керісінше, қызғаныш пен сынға жол беретінін де атап өтті.

– Мизогиния туралы жиі айтатындардың өзі сол хейтке қатысып жүр. Әйелдер әйелдерді аямайды, – дейді ол.

Оның айтуынша, мұндай әлеуметтік мінез – қоғамды іштен ірітетін құбылыс. Бұл тұрғыда журналист БАӘ тәжірибесін мысалға келтіріп, өшпенділікке заңмен тыйым салудың маңызын да атап өтті:

– Дубайда хейтке нақты тыйым бар. Заң кез келген қорлау, кемсіту немесе мазақтауды жазалайды. Өйткені олар түсінген – өшпенділік елді іштен ірітеді, – деп жазды Сәтжан.

Бұл ой өзекті болғанымен, кей желі қолданушылары оның сөзін «еркін пікір білдіруге шектеу қою» деп түсінді.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

Алматыда өткен BeWoman форумы кезінде ресейлік коуч Алексей Ситниковтың мәлімдемесі қоғамда үлкен дау туғызған болатын. Ол форум сахнасында Ресей президенті Владимир Путинді мақтап сөйлеп, бұл сөз әлеуметтік желілерде сынға ұшырады.

Көпшілік Жанна Канды дәл осындай тұлғаны шақырғаны үшін сынға алып, форумды «жарнама мен пафос сахнасына айналды» деп бағалады. Ал Динара Сәтжанның жазбасы осы сынның астарында тұрған тұлғаларды қорғау әрекеті ретінде қабылданды.

Серіктес жаңалықтары