×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Ресей Байқоңырда сынақ өткізді

Бүгін, 10:13
Ресей Байқоңырда сынақ өткізді
Ulysmedia коллажы

Ресей биыл жыл соңына дейін «Союз-5» зымыранын ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

10 қазан күні зымыран-ғарыш өнеркәсібінің ғылыми-сынақ орталығында «Союз-5» зымыранының алғашқы сатысына жерүсті оттық сынақтары жүргізілген. Бұл туралы «Роскосмос» хабарлады.

Сынақ кезінде 800 тонна тарту күші бар РД-171МВ қозғалтқышы қолданылған. Компоненттері – керосин мен сұйық оттегі, ал сынақ ұзақтығы 160 секунд болған. Сондай-ақ, борттық жүйелердің өзара әрекеттестігі тексерілді.

– Бүгінгі сынақтар «Союз-5» зымыранын Байқоңыр ғарыш айлағынан биыл жылдың соңында ұшыруға жол ашты, – делінген хабарламада.

АНЫҚТАМА

«Союз-5» зымыранының ұшырылымы осы жылдың желтоқсан айында «Бәйтерек» зымыран кешенінен жүзеге аспақ. Бұл – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Қазақстанның инвестиция көлемі 90 миллиард теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары