×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді ойсырата жеңгеннен кейін рейтингте көтерілді

Бүгін, 18:56
Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді ойсырата жеңгеннен кейін рейтингте көтерілді
Нұрғали Жұмағазы

Қазақстанның ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі позициясын нығайтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Sportarena.kz жазуынша, алты ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпай жинап, J тобында төртінші орында тұр.

Топ көшін 12 ұпаймен Солтүстік Македония, ал екінші орынды 5 матчтан кейін 11 ұпай жинаған Бельгия иеленіп отыр.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.

Еске салайық, 10 қазан күні Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. «Астана Аренада» өткен матчта қазақстандықтар Лихтенштейн командасын 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

Серіктес жаңалықтары