Атырауда журналист 10 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ол қаладағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
— Атырауда полиция қызметкерлері жеке кәсіпорын басшысынан компания қызметіне қатысты бейнематериалды таратпау үшін 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен 36 жастағы журналисті ұстады. Ақшаның бір бөлігі — 4 миллион теңге делдал арқылы берілген, - делінген хабарламада.
Қазір қылмысқа басқа адамдардың бар-жоғы тексеріліп жатыр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Жетісу облысында кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды.
Сот мәліметінше, 2024 жылғы қараша айында әлеуметтік желіде 29 мыңнан астам жазылушысы бар блогер Қаратал ауданындағы сапасыз салынған үйлер туралы видеоматериалдар жариялаған. Кейін ол аталған видеоларды әлеуметтік желідегі парақшаларынан алып тастау үшін кәсіпкерден 10 миллион теңге талап еткен.