11 қазанға қараған түні Ресей әскері дрондар арқылы Одесса қаласы мен Одесса облысына соққы берді. Шабуыл салдарынан энергетикалық инфрақұрылым нысандары зақымданып, аймақта жарық өшті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі хабарлады.
Одесса қаласының өзінде энергетикалық жүйе нысандарында және қонақүй-ресторан кешенінің үш қабатты ғимаратында өрт шыққан.
Құтқарушылар қирандылар астынан екі адамды алып шықты, тағы бір 47 жастағы әйел жарақат алды.
Билік өкілдерінің дерегінше, аймақтағы 44 елді мекен жарықсыз қалған. Төтенше қызмет өкілдері шабуылдың зардаптарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.