×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

12 қазан күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Бүгін, 18:32
12 қазан күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 12 қазан күні еліміздің үш мегаполисіндегі ауа райына қатысты болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада бұл күні ауыспалы бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде –1…+1 °С, күндіз +1…+3 °С болады.

Алматыда ауа райы құрғақ әрі салыстырмалы түрде жылы болады. Ауыспалы бұлтты, жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнгі температура +5…+7 °С, күндіз +21…+23 °С шамасында.

Шымкентте күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал. Ауа температурасы түнде +13…+15 °С, күндіз +22…+24 °С болады.

Серіктес жаңалықтары