×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

"Ақшаң болса, бәрін істеуге бола ма?" Қоғам Динара Сәтжанға неге наразы

Бүгін, 19:28
"Ақшаң болса, бәрін істеуге бола ма?" Қоғам Динара Сәтжанға неге наразы
Ulysmedia коллажы

Алматыда өткен BeWoman форумы ресейлік коуч Алексей Ситниковтың Путинді мадақтаған мәлімдемесінен кейін қызу талқыға түсті. Форум ұйымдастырушысы Жанна Канды сынға алғандар көп болса, журналист Динара Сәтжан оны қорғап жазба жариялап, жаңа дау тудырды. 

Қоғам белсенділері, заңгерлер мен кәсіпкерлер Сәтжанның бұл әрекетін Facebook-қолданушылары өткір сынға алды.

Журналист, қоғам белсендісі Дина Елгезек “ақшаң не лауазымың болса, соғыс туралы үгіт-насихат жүргізуге бола ма?” деп сұрақ қойды:

«Динара Сәтжанның мына постын оқыңыз! Мұншама ақылсыз деп ойламаппын. «Әркім өз ақшасына сенген ісін істей алады» дегені қалай кетті?
Сонда ақшаң не лауазымың болса, Ресейдің соғыс пропагандасын дәріптеуге болады деп ойлай ма? «Құмырсқа, жолыңды біл» десем, бұл  сөздің астарын ұғына қояр ма екен?!»

Ал кәсіпкер Ахметбек Нұрсила былай деп жазды: 

«Міне “ВИП КАЗАШКА” лардың ниеті Ситниковты әкеліп Путинді насихаттау, елді тонап байыған кәріс әйелдің Қазақтарды қаңтармен қорқытуы дұрыс нәрсе, ал сендер “ хейтерсіңдер” дейді»

Заңгер Марғұлан Ермағанбетұлы Сәтжанның олигархтың әйелін не себепті қорғағанын былай түсіндірді:

«Өз басым Динара Сәтжанды интеллектуал журналист ретінде қабылдай бермеймін. Тек жәй сұхбат алушы деңгейінде қараймын. 
Кешегі Be Woman форумын ұйымдастырушы олигарх әйелін қолдап, ал оған кері пікір білдіргендерге қарсы пікір білдірген екен. Әрине өзі де ертең оның кейпінде болатынын біледі. Өйткені олигарх әйелі болған соң бұны жақсы түсінеді. 
Бұл жазбадан оның Дубайды БАЭның бір қаласы екенін шатастыруына мән бергенім жоқ. Мәселе “жылтырап” жүрген оқырманы көп журналистердің көбінде IQ төмендігіне күмәнім жоқ….»

Ал Бақыт Смағұл мұндай форумды өз қаражатыңа ұйымдастырсаң да, соғысты қолдауға болмайтынын айтты:

…Ешбір елде, есі бар адам, оның ішінде әйел адам, аналар, нәзік жандар соғыс атаулысына қарсы тұрады, демек мына "ханымдар" әзірейілді жақтаушылар, соны түсіне ме екен, кімді шақырдыңдар, кімдерден сұхбат алып отырсыңдар, тіпті өз қаражаттарыңа ұйымдастырсаңдар да мынадай форумды, кім сіздерге рұқсат берді әзәзілмен ауыз жаласқандарды елге шақырып, төрімізге отырғызуға, ақшаларыңыз болса ойыма келгенім істеймін деген даурықпа ма, онда майдан алаңына барыңыздар, керемет болсаңыздар дегім келеді.

Dastan Myrza есімді қолданушы былай деді:

« (...) Жалпы өзім Динараны қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Тілі орысша шықса да, намысқа беріліп, тамырын ұмытпай қазақ тіліне барын салады. Үйреніп, тырысып жүр әрі қазақшасы бұрынғыдан біраз жақсарып қалған. Өткенде Тина Канделакимен елді мекен атауларын қазақшалау жөнінде желіде біраз қырқысып, қазақтың намысын бермеп еді. Сол кезде Динараны қолдамаған қазақ аз болған шығар. Динара Сәтжанның ондай кездері де болады, бірақ осы жолы әлгі Жанна Канды қорғаймын деп сүрініп отыр.

Осы жолы Динара құрдасым аңдамай сөйлеп, оңбай қателесіп отыр деп ойлаймын. Негізі ақылы бар, намысы бар қыз ғой. Көп нете бермейік енді. Түсінген шығар…

БҰҒАН ДЕЙІН

Алматыда өткен BeWoman форумы кезінде ресейлік коуч Алексей Ситниковтың мәлімдемесі қоғамда үлкен дау туғызған еді. Ол форум сахнасында Ресей президенті Владимир Путинді мақтап сөйлеп, бұл сөз әлеуметтік желілерде сынға ұшырады.

Көпшілік Жанна Канды дәл осындай тұлғаны шақырғаны үшін сынға алып, форумды «жарнама мен пафос сахнасына айналды» деп бағалады. Ал Динара Сәтжанның жазбасы осы сынның астарында тұрған тұлғаларды қорғау әрекеті ретінде қабылданды.

Серіктес жаңалықтары