×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Трамп Газа бойынша бейбіт саммит өткізеді: қай ел көшбасшылары қатысады

Бүгін, 11:24
Трамп Газа бойынша бейбіт саммит өткізеді: қай ел көшбасшылары қатысады
AP Photo/Abdel Kareem Hana

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Мысыр басшысы Абдель Фаттах ас-Сиси Газа секторындағы бейбітшілік мәселелеріне арналған халықаралық саммит өткізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

The Guardian басылымының мәліметінше, кездесу 13 қазанда Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өтеді. Іс-шараға 20-дан астам елдің көшбасшылары қатысады. Олардың қатарында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Италия министрлер кеңесінің төрайымы Джорджа Мелони, Испания премьері Педро Санчес және Франция президенті Эмманюэль Макрон бар.

Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың қатысатыны жөнінде әзірше хабарланған жоқ. «ХАМАС» қозғалысының өкілдері саммитке қатысудан бас тартқанын растады.

КОНТЕКСТ

Кездесу Израиль мен «ХАМАС» арасындағы атысты тоқтату және тұтқындар алмасу жөніндегі келісім жасалғаннан кейін ұйымдастырылып отыр. Келіссөздерге Мысыр, Қатар және Түркия делдалдық жасаған, сондай-ақ АҚШ өкілдері қатысқан.

Дипломатиялық серпілістен кейін Газа тұрғындарының мыңдағаны анклавтың солтүстігіндегі қираған үйлеріне орала бастады.

Серіктес жаңалықтары