×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Футболдан әлем чемпионаты: сарапшы Қазақстан құрамасының мүмкіндігіне баға берді

Бүгін, 13:40
Футболдан әлем чемпионаты: сарапшы Қазақстан құрамасының мүмкіндігіне баға берді
kff_team

Өзбекстандық футбол сарапшысы Әлішер Никимбаев 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының мүмкіндігі туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Бельгия Солтүстік Македониямен тең түсті. Енді Қазақстанның екінші орын алу мүмкіндігі қандай? Ол үшін Бельгия да, Солтүстік Македония да қалған барлық ойында жеңілуі керек. Сонда Уэльс бірінші орын алады, ал Қазақстан екінші орынға шыға алады — егер Бельгия мен Солтүстік Македонияны ірі есеппен жеңсе, — деп жазды сарапшы өз Telegram-арнасында.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 10 қазанда Қазақстан футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. «Астана Аренада» өткен матчта қазақстандықтар Лихтенштейн командасын 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

Келесі ойын 13 қазанда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.

Серіктес жаңалықтары