×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Қазақстан мен Қытай шекарасында қайтадан жүк көліктері жиналып қалды

Бүгін, 13:19
Қазақстан мен Қытай шекарасында қайтадан жүк көліктері жиналып қалды
gov.kz

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» өткізу пунктінде Қытай бағытына бет алған жүк көліктерінің кезегі қайтадан пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) мәліметінше, кептелістің негізгі себебі — қазақстандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуге қажетті шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауы.

– Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытайдың салалық ведомстволары қазақстандық тарапқа қосымша шетелдік рұқсат бланкілерін беру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, –  делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар Қытайдың Бас кеден басқармасымен де келіссөздер өткізілген. Қытай тарапы қабылданатын жүк көліктерінің санын уақытша арттыруға, кеден рәсімдерін жеделдетуге және өткізу пункттерінің өткізу қабілетін кеңейтуге келіскен.

Тасымалдаушылардың қаржылық шығындарын азайту мақсатында МКК «ИУЦ» АҚ-мен (электронды кезек жүйесі CarGoRuqsat әкімшісі) бірлесіп, белсенді брондаулардың жарамдылық мерзімін 72 сағатқа ұзартты. Бұл шара 1 АЕК көлеміндегі брондау төлемі мен 20 АЕК мөлшеріндегі кепілдік жарнаны сақтап қалуға және рұқсаттар беру қайта басталғаннан кейін шекарадан өтуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары