×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Ядролық бағдарлама: Иран «еуроүштікпен» келіссөздерден бас тартты

Бүгін, 16:51
Ядролық бағдарлама: Иран «еуроүштікпен» келіссөздерден бас тартты
The Guardian

Иран Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікпен (МАГАТЭ) ынтымақтастық туралы келісімнің орындалуын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұны елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мемлекеттік телеарна эфирінде мәлімдеді.

– Қазір келісім тоқтатылған, ал агенттікпен өзара іс-қимыл тек Иран парламентінің заңы және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңес арқылы жүзеге асырылады, – деді дипломат.

Аракчи сонымен қатар Тегеран енді «еуроүштік» елдермен – Франция, Ұлыбритания және Германиямен ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздерді жалғастыруға негіз көрмейтінін атап өтті.

Бұған дейін, қыркүйекте Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңесі БҰҰ санкцияларын қалпына келтіру механизмін іске қосқаннан кейін, МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды ұсынған еді.

Аталған санкциялар Иранға қару жеткізу эмбаргосын, ирандық жүктерді тексеруді, елдің зымыран бағдарламасына шектеулерді және шетелдік активтерді бұғаттауды қамтиды.

Серіктес жаңалықтары