×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды

04.02.2022, 14:43
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталды. Ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол сұйылтылған мұнай-газын жеткізу саласына жауапты болған. Қазіргі таңда қызметтік уәкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Ғалымжан Ниязовқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүріп жатыр. Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты таратылмайды», - деді Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінен.