×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Көлсайдағы жағдай: Дуровқа қатысты материалдар министрлікке жіберілді

Бүгін, 12:18
Көлсайдағы жағдай: Дуровқа қатысты материалдар министрлікке жіберілді
видео кадры

Көлсай көлдеріндегі оқиға бойынша тергеуді полиция жүргізіп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Журналистер шенеуніктен: «Неліктен тыйым салынған аймақта қызғалдақ терген әйелге бірден айыппұл салуға дайын болды да, Дуровқа қатысты шешім ұзаққа созылды?» деп сұрады.

Милюктың айтуынша, бұл екі түрлі құқықбұзушылық.

- Бұл екі бөлек іс. Қызғалдақтар ісі – табиғатты қорғауға байланысты қылмыстық жауапкершілік. Ал шомылуға тыйым салынған аумақ – ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Ол экология министрлігінің құзырындағы мәселе. Біз материалдарды жинадық, бірақ хаттама толтырған жоқпыз. Барлық деректі министрлікке жолдадық, – деді ол.

Милюктың сөзінше, мұндай жағдайларда жаза ескерту түрінде де, немесе 10 айлық есептік көрсеткішке (шамамен 38 мың теңге) дейін айыппұл салу түрінде де болуы мүмкін.

КОНТЕКСТ

Павел Дуров қыркүйекте Астанаға Digital Bridge 2025 халықаралық форумына қатысу үшін келген болатын. Ол өз сөзінде Қазақстаннан қалыңдық іздеу туралы әзіл айтып, кейін қоғам тарапынан сынға ұшырады.

Форумнан кейін ол Алматы облысындағы Көлсай көлінде шомылып, әлеуметтік желіде видео жариялады. Бұл аймақта суға түсуге ресми түрде тыйым салынған. Осыған байланысты ұлттық парк әкімшілігі қызметтік тергеу бастағанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары