×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

"Қайсар қыз түрмеде өле ме?". Белсенді Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлап кетті

Бүгін, 17:11
"Қайсар қыз түрмеде өле ме?". Белсенді Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлап кетті
Ulysmedia.kz коллажы

Түрмеде отырған белсенді Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Абзал Достияр хабарлады. 

- Шұғыл ақпарат! Дабыл қағатын жағдай! Қазір ғана түрмедегі Әйгерім Тілеужанның анасы Шекерхан анамыз қоңырау шалды. Әйгерім хабарласып елден араша сұрапты. Жағдай былай, анасының айтуынша осыдан біраз бұрын Әйгерімнің жамбасына түсініксіз жара шыққан, оны ауруханаға жатқызбай түрме ішіндегі медициналық бөлімде емдеп, жараны кесіп тастаған, бірақ араға уақыт салып жамбасқа жара қайта шыққан, ауру асқынып, жамбасы іріңдеп кеткен, дейді Абзал Достияр. 

Оның сөзінше, бүгін Алматы облысы, Іле ауданынының орталық ауруханасына апарған екен, Әйгерімді жатқызуға шешім қабылданған, бірақ түрмеге апарған қызметкерлер Әйгерімді ауруханаға қалдырмай қайтадан дәл қазір Жауғашты түрмесіне алып бара жатыр екен.

- Осы уақытқа дейін шулатпай-ақ қояйын деген Әйгерім анасы арқылы қоғамнан араша түсуді өтініпті. Әйгерімнің анасына айтқан өз сөзі: “Мама бұлар мені түрмеде өлтірейін деп отыр”. Осы жазбаны жаппай таратып, бөлісулеріңізді сұраймын! Қаңтаршы қызды аман алып қалуға атсалысыңыздар! Әр аурухана ішінде темір тормен қоршалған арнайы палаталар болады, Әйгерімді солай емдеуін талап етейік!, дейді жазба авторы. 

Ұлыс тілшісі істің мән-жайын анықтау мақсатында қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сауал жолдады. Алайда олар сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету мәселелері Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына берілгенін атап өтті. 

Осы жайтқа байланысты денсаулық сақтау министрлігіне де сауал жолдадық. 

СОТ ҮКІМІ

Еске салайық, Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісінде айыпты деп танылып, 4 жылға сотталған еді. Ал 6 наурызда Тілеужанның үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалды. 

Серіктес жаңалықтары