×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Украинаның азық-түлігі енді Еуропаға еркін кіре ме - баж салығы алынып тасталды

Бүгін, 21:15
Украинаның азық-түлігі енді Еуропаға еркін кіре ме - баж салығы алынып тасталды
Ашық дереккөзден

Еуропалық Одақ Украинадан жеткізілетін бірқатар азық-түлік тауарларына кедендік баж салығын төмендету немесе мүлде алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл өнімдер қатарында сүт және сүт өнімдері, жаңа піскен жемістер мен көкөністер, ет және ет өнімдері бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еуропалық Одақ кеңесі бұл шешімді 13 қазан күні ресми пресс-релизінде хабарлады.

“Бұл шешім 2025 жылғы 30 маусымда Еуропалық комиссия мен Украина арасында ЕО мен Украина арасындағы терең және жан-жақты еркін сауда аймағын қайта қарау жөніндегі алдын ала келісімге қол жеткізілгеннен кейін қабылданды”, — делінген хабарламада.

ДАНИЯ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ: «БҰЛ ЕУРООДАҚТЫҢ УКРАИНАҒА ТҰРАҚТЫ ҚОЛДАУЫНЫҢ КӨРІНІСІ»

Данияның сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссеннің айтуынша, бұл шешім Ресейдің “негізсіз әскери агрессиясының үш жылынан кейін Еуроодақтың Украинаны көпжақты қолдауының дәлелі”.

“Біз Украинаға әскери және қаржылай көмек көрсетіп келеміз, бірақ сонымен қатар сауданы ырықтандыру арқылы да қолдауымыз қажет”, — деді ол.

Министрдің пікірінше, кедендік баждарды алып тастау Украина мен ЕО-ға да тиімді болып, Киевтің Еуропалық Одаққа интеграциясын күшейтеді.

ЖАҢА ШАРАЛАР ЕУРООДАҚ ПЕН УКРАИНА АРАСЫНДАҒЫ САУДАНЫ КҮШЕЙТЕДІ

ЕО Кеңесінің хабарлауынша, жаңа шаралар Украина мен Еуроодақ арасындағы сауда ағынын арттырады, алайда Киевтің еуропалық нарыққа қолжетімділігі оның “өндіріс стандарттарын ЕО нормаларына біртіндеп сәйкестендіруіне” байланысты болады.

Сондай-ақ Кеңес “ЕО-ның ауыл шаруашылығындағы кейбір секторлардың ерекше қажеттіліктерін” ескеріп, “қорғаудың сенімді тетігін” бекітті. Бұл тетік екі тараптың кез келгені арқылы іске қосыла алады.

Ал қант, құс еті, жұмыртқа, бидай, жүгері және бал секілді “сезімтал өнімдер” үшін еуропалық нарыққа кіру біртіндеп және шектеулі түрде жүзеге асырылады.

САУДА КЕЛІССӨЗДЕРІ: УКРАИНАНЫҢ ЕО-ҒА ҚОСЫЛУ ЖОЛЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ҚАДАМ

2025 жылғы 30 маусымда ЕО сауда және экономикалық қауіпсіздік жөніндегі комиссары Марош Шефчович пен ауыл шаруашылығы және азық-түлік жөніндегі комиссар Кристоф Хансен Украинамен еркін сауда аймағын қайта қарау бойынша келіссөздердің аяқталғанын хабарлаған болатын.

Шефчовичтің айтуынша, бұл қадам “Украинаның Еуроодаққа қосылу процесі аясындағы ұзақмерзімді және болжамды өзара серіктестіктің жаңа кезеңін” білдіреді. Ол келісімнің “ЕО елдері мен фермерлері ерекше атап өткен ауыл шаруашылығы салаларының сезімталдығын толық ескеретінін” атап өтті.

Серіктес жаңалықтары