×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады?

Бүгін, 12:09
Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады?
Ашық дереккөзден

2025 жылдың қазан айында қазақстандықтарға Республика күніне байланысты қосымша демалыс күні беріледі. Бұл мереке жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Республика күні – еліміздегі басты мемлекеттік мерекелердің бірі. Дәл осы күні, 1990 жылы, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. 2022 жылдан бастап бұл күн ресми демалыс күні болып бекітілген.

2025 жылы 25 қазан сенбіге түседі. Сондықтан «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі – 27 қазанға ауыстырылады.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:

  • 25 қазан (сенбі) – мерекелік күн,
  • 26 қазан (жексенбі) – стандартты демалыс,
  • 27 қазан (дүйсенбі) – ауыстырылған демалыс күні.

Жалпы, қазан айында 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін тек 25 және 26 қазан демалыс, ал 27 қазан – жұмыс күні болып қалады.

Серіктес жаңалықтары