×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Қазақтарды "қорлаған" Алика Мұхамадиеваның соты басталды

Бүгін, 12:41
Қазақтарды "қорлаған" Алика Мұхамадиеваның соты басталды
Ulysmedia.kz

Қарағандыда көптің назарын аударған Алика Мұхамадиеваға қатысты сот процесі басталды. Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қорғаушыларының айтуынша, Мұхамадиеваның 2 жасар баласы бар. Сондықтан олар жазаны жеңілдетуді сұрап отыр. Алайда жеңілдетілгеннің өзінде, ол 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оны сот шешеді.

Осыған байланысты айыпталушы тарап айыппұл төлеу арқылы жазаны ауыстыру амалын қарастырып жатыр. Бірақ оның сомасы да аз емес, 12 миллион теңге.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл істің келесі сот отырысы 18 қазан күні жалғасады.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, Алика Мұхамадиева Threads желісіндегі бір жазбаның астындағы пікірлерде қыз қазақтар мен мұсылмандарды қорлаған болатын. Артынша ол ұлтаралық араздық қоздырды деген күдікпен екі айға қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары