×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Алика Мұхамадиева ісі: сот айыпталушыны фото және видеоға түсіруге тыйым салды

Бүгін, 13:00
Алика Мұхамадиева ісі: сот айыпталушыны фото және видеоға түсіруге тыйым салды
Ulysmedia.kz коллажы

Қарағандыда ел назарын аударған Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот процесі басталды. Тыңдалым ашық форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қарағандыда ел назарын аударған Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот процесі басталды. Тыңдалым ашық форматта өтіп жатыр.

Бастапқыда прокурор Фарида Сәдуова сотты жабық түрде өткізуді сұраған. Бұл ұсынысты айыпталушы мен қорғаушы тарап та қолдады. Алайда судья Арғын Құтышев өтінішті қабылдамай, “сот ашық өтеді” деп шешім шығарды.

Айыпталушы Мұхамадиева мен оның қорғаушысы журналистерге оның жүзін фото және бейнекамераға түсірмеуді өтінді. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды.

Сот дерегінше, Мұхамадиева жүк жеткізу қызметі мен киім дүкенінің иесі.
Ол биыл жазда Threads әлеуметтік желісінде жазған даулы пікірлерінен кейін қоғам назарында қалған болатын.

Сот залында Мұхамадиева өз кінәсін толық мойындап, өкінішін білдірді. Көзіне жас алып, “бәрін түсіндім” деді. Қорғаушысы істі қысқартылған тәртіпте қарауды сұрап отыр.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, жаз айларында Мұхамадиеваның Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары қоғамда үлкен дау тудырған еді. Пайдаланушылардың шағымынан кейін полиция тексеріс бастап, 2025 жылдың шілдесінде Мұхамадиева қамауға алынған.

Бастапқыда ол кінәсін жартылай мойындап, жазбалары контекстен үзіп алынғанын айтқан. Кейін көпшілік алдында кешірім сұрап, ешкімнің намысына тию ниеті болмағанын мәлімдеген.

КЕЛЕСІ ОТЫРЫС

Қазан айында іс сотқа жолданып, тыңдалым басталды. Келесі сот отырысы 18 қазан күні өтеді.

Серіктес жаңалықтары