×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Байден Трамптың еңбегін жоғары бағалады

Бүгін, 13:38
Байден Трамптың еңбегін жоғары бағалады
Фото: AFP

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден қазіргі Ақ үй басшысы Дональд Трампты Газа секторында бейбітшілікке қол жеткізгені үшін мақтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Байден бұл туралы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

– Соңғы 20 тұтқынның адам төзгісіз қиындықтардан кейін отбасыларымен қайта қауышқанына қуаныштымын. Сондай-ақ Газа тұрғындары енді өз өмірін қайта қалпына келтіре алады. Олар қатты шығындалды, – деп жазды Байден.

Оның айтуынша, Таяу Шығыс қазір бейбіт өмір жолына түсті. Байден бұл бейбітшілік ұзаққа созылып, израильдіктер мен палестиналықтар үшін тең мүмкіндіктер мен қауіпсіздік әкеледі деп үміт білдірді.

Сондай-ақ ол бұл келісімге жету оңай болмағанын атап өтті.

– Менің әкімшілігім тұтқындарды босату, палестиналықтарға көмек көрсету және соғысты тоқтату үшін тынымсыз еңбек етті. Президент Трамп пен оның командасының осы істегі еңбегін жоғары бағалаймын, – деді Байден.

САММИТ

Еске салайық, Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында Газа мәселесіне арналған саммит өткен болатын.  АҚШ, Мысыр, Катар және Түркия Израиль мен палестиналық «Хамас» қозғалысы арасындағы бітім жөнінде келісімге қол қойды.

Серіктес жаңалықтары