×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Қазақстандағы телеарналар мен радио жұмысын тоқтатады

Бүгін, 19:10
Қазақстандағы телеарналар мен радио жұмысын тоқтатады
Әлеуметтік желіден

Бейсенбі, 16 қазан күні Қазақстанда теледидар мен радио 14 сағатқа жұмыс істемейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Хабар тарату сағат 3:00-де тоқтатылып, 17:00-де қайта қосылады. Жауаптылар бұл шараны үздіксіз әрі сапалы қызмет көрсету үшін мәжбүрлі түрде қабылданғанын түсіндірді.

«Мұндай жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі. Хабар тарату уақытша тоқтатылған кезде техникалық құралдар қосымша жаңартылады», – деді «Қазтелерадио» өкілдері.

БҰҒАН ДЕЙІН

Атырауда журналист 10 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ол қаладағы қонақүйлердің бірінде қолға түскен.

 

Жетісу облысында кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды.

Сот мәліметінше, 2024 жылғы қараша айында әлеуметтік желіде 29 мыңнан астам жазылушысы бар блогер Қаратал ауданындағы сапасыз салынған үйлер туралы видеоматериалдар жариялаған. Кейін ол аталған видеоларды әлеуметтік желідегі парақшаларынан алып тастау үшін кәсіпкерден 10 миллион теңге талап еткен.

Серіктес жаңалықтары