×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Баспана қашан арзандайды - сарапшы болжамы

Бүгін, 19:40
Баспана қашан арзандайды - сарапшы болжамы
Ulysmedia коллажы

Тұрғын үй нарығында бағаның тез арада төмендеуін күтуге болмайды.    Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Нұрмахан Алданов базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты тұрғын үй нарығына қатысты болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БІРАЗ УАҚЫТ ҚАЖЕТ

Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Нұрмахан Алдановтың пікірінше, бағаны түзету үшін белгілі бір уақыт қажет.

– Мөлшерлеме көтерілгеннен кейін тұрғын үй бағасы бірден төмендемейді – бұл бәрі тізбекті түрде жүреді. Алдымен несиелер қымбаттайды, содан кейін сұраныс төмендейді, ал содан кейін ғана бағалар түзетілуі мүмкін. Қазір, мысалы, көптеген банктер қайталама нарықтағы ипотеканы беруді тоқтатты, әсіресе ірі қалаларда. Адамдар пәтер сатып алуға мүмкіндігі жоқ – міне, сұраныстың төмендеуі. Ал сұраныс, белгілі болғандай, бағаға тікелей әсер етеді, – деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстанда бірқатар банк қайталама нарықтағы (ескі үйлерді) тұрғын үйге ипотека беруді уақытша тоқтатты, қазір олар тек кеңес беру қызметін көрсетіп отырғанын жазған едік. 

Базалық мөлшерлеменің көтерілуінен кейін банктердің маржасы қысқарып, екінші нарықтағы ипотеканы беру экономикалық тұрғыда тиімсіз болған. krisha.kz сайтында несие беруді тоқтатқан банк тізімі жарияланды. Алайда банктер ипотекалық кредиттеуді қашан қайта бастайтынын және болашақта шарттар қайта қарала ма, жоқ па — нақты айтқан жоқ.

Еске салайық, 10 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерген болатын.

Серіктес жаңалықтары