×
538.63
622.23
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.63
622.23
6.71

Путиннің Украинадағы шынайы жоспары әшкере болды

Бүгін, 08:01
Путиннің Украинадағы шынайы жоспары әшкере болды
фото: ТАСС / Валерий Шарифулин

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путиннің Украинадағы соғысты аяқтайтын ойы жоғын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Трамптың сөзінше, Путин «соғысты аяқтағысы келмейді». АҚШ басшысы егер қаласа, Ресей өзге ел аумағындағы әскери әрекетті тез тоқтата алатынын атап өтті. Алайда оның пайымынша, Ресей экономикасы «құлдыраудың аз-ақ алдында тұр».

– Менің қатты көңілім қалды, себебі біздің Владимирмен қарым-қатынасымыз өте жақсы болған, және, бәлкім, ол қазір де сондай болып қала беретін шығар, – деп жазады Трамптың сөзін The New York Times.

Ол сондай-ақ Путин «бір аптада жеңіске жетуі керек еді, бірақ қазір соғыстың төртінші жылына аяқ басты» деп қосты.

КОНТЕКСТ

Бұған қоса, АҚШ президенті Владимир Зеленскиймен алдағы кездесетінін еске салды. Украина басшысы 17 қазанда Вашингтонға сапармен барады.

Серіктес жаңалықтары