×
538.63
622.23
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.63
622.23
6.71

"Самат Әбіш негізгі тұлға емес": депутат Мәсімовтің үкімі туралы

Бүгін, 13:04
"Самат Әбіш негізгі тұлға емес": депутат Мәсімовтің үкімі туралы
Ulysmedia.kz коллажы

Депутат Елнұр Бейсенбаев Мәсімовке әділ жаза берілгенін айтып, Самат Әбіштің жазасы туралы ойын айта алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҰРАҚ

- Үлкен лауазымды тұлғалар сотталды. Оларға қатысты талқы жүрді. Самат Әбіш 8 жылға шартты сотталды. Мұны әділетсіз деген пікірлер айтылды. Жалпы әділ баға берілді ме?, – деп сұрады журналист. 

ЖАУАП

Бейсенбаев негізгі жауапты азамат – Мәсімов екенін айтады. 

- Негізгі лауазымды тұлға сол. Мәсімов 18 жылға сотталды. Ол әділ жаза. Басқа азаматтар негізгі шешуші факторды ойнаған жоқ. Негізгі басшысының сотталуы әділ шешім деп есептеймін. Басшының қалғандары тек қосшы болды ғой, дейді депутат. 

БҰҒАН ДЕЙІН

2023 жылдың сәуірінде сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарды. Сот тағайындаған түпкілікті жаза мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру болды.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары әрі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш кінәлі деп танылып, Қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша шартты үкіммен сотталды

Серіктес жаңалықтары