Қазақстандық шенеуніктер, айтуларынша, тойға люкс киім киюге тырысады, ал жұмысқа келгенде «қарапайым» масс-маркетті таңдайды. Алайда, бұл қағида әрдайым орындала бермейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Стилист Руслан Есімов Денсаулық сақтау министрінің қымбат киімге деген сүйіспеншілігін бұрыннан байқап жүргенін айтады. Оның сөзінше, Ақмарал Әлназарова бірнеше рет жұмыс іс-шараларында брендтік киіммен көзге түскен. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексін бұзу екенін атап өтті.
Мысалы, Википедиядан Әлназарованы іздесеңіз, министріміз Celine брендіне тиесілі мың долларлық блузкамен шығады. Яғни, оның іскерлік фотосынан-ақ не киетінін көрсетіп тұр. Ол бұрыннан люкс брендтерді киеді. Бұған дейін Valentino-ның туфлиі болған, жаңа коллекция емес. Біз шенеуніктердің гардеробын талдағанда мұндайды жиі байқаймыз, бірақ бұл ақпараттық кеңістікке шықпайды. Әрине, бұл этикалық дресс-кодты бұзу — брендтер мен логотиптер масс-маркеттен ерекшеленеді. Барлық шенеуніктердің ішкі дресс-коды бар: мысалы, Patek Philippe тойға, ал жұмысқа қарапайым Casio; Valentino тойға, ал жұмысқа Zara киеміз, – деді ол Airan YouTube арнасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Әлеуметтік желі қолданушылары министрдің қарапайым емес гардеробын сынға алған. Олар дәрігерлер мен медқызметкерлер ескі формамен жұмыс істеп жүргенде, ведомство басшысы қымбат образдармен көзге түсетінін атап өтті.
Казнет қолданушылары Денсаулық сақтау министрінің Valentino брендіне тиесілі кемінде екі жұп туфлиін және Fendi сөмкесін байқаған. Осыған байланысты сұрақты Ulysmedia журналисі үкіметтегі брифингте қойған. Ақмарал Әлназарова жауап беруден бас тартты, ал модератор сұрақты «жеке» деп алып тастады.
ЕСКЕ САЛАЙЫҚ
Ақмарал Әлназарова 2024 жылдың 6 ақпанында Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған.