×
539.56
627.35
6.84
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.56
627.35
6.84

"Анамызды жындыханаға жауып тастады". Ақтөбеде бес бала шырылдап көмек сұрады

Бүгін, 16:22
"Анамызды жындыханаға жауып тастады". Ақтөбеде бес бала шырылдап көмек сұрады
видео кадры

Ақтөбе қаласында бес бала үндеу жасап көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазіргі уақытта бір үйдің бес баласы Ақтөбе қаласындағы “Аяла” балалар орталығында тұрып жатыр. Себебі олардың сөзінше, аналарын туысқан апалары жындыханаға мәжбүрлеп апарып тастаған. 

-  Бір күннің ішінде анамызды тума апамыз Жанна деген кісі жындыханаға жатқызып тастады. Ал бізді осы орталыққа жіберді. Біз негізі нағашы әжеміздің қолында тұрып жатқан едік. Нағашы әжеміз үйін сататын болып, бауырлар мүлікке таласа бастап, апаларымыз анамыздың үлесіне таласып, анамызды сыйдырмай, бір күннің ішінде жындыханаға жіберді. Сіңлім екеуімізді ауру қыздар деп бізді де жапқысы келген. Бірақ қазір “Аяла” орталығындамыз. Балалар үйіне кетіп қалуымыз мүмкін. Қатты қорқамыз. Артымызда тіреу болатын ешкім жоқ. Әкеміз ішетін адам. Бізді іздеп келген емес. Анамыз өзі қарап келе жатыр. Анамыз ешқандай да ауру емес. Бәрі жала жапқан. Есіміз дұрыс. Бір түнде отбасымыздың тас-талқанын шығарды. Көмектесіңіздерші. Кішілеріміз балалар үйіне кетіп қала ма деп қорқып отырмыз. Туғандарымыз өзімізге қарсы шығып отыр. Апамыз ақша, дүние үшін бізге осындай іс жасап отыр, - дейді балалар. 

МИНИСТРЛІК ЖАУАБЫ

Бұл жайтқа қатысты оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті жауап берді. Олардың сөзінше, бұл оқиға комитеттің және ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің және Ақтөбе облысы әкімдігінің бақылауында.

- Қазіргі уақытта барлық балалар кәмелет жасқа толған әпкелерімен бірге қауіпсіз жерде орналасқан. Облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары отбасының тұрғылықты жеріне барып, жағдаймен танысты. Балалардың хал-ахуалы қанағаттанарлық, тұрмыс жағдайы белгіленген нормаларға сай, дейді ведомство өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары