×
539.56
627.35
6.84
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.56
627.35
6.84

Германия Ресейдің гибрид соғысына қарсы жоспар дайындап жатыр

Бүгін, 17:31
Германия Ресейдің гибрид соғысына қарсы жоспар дайындап жатыр
Фото: Andreas Gora/picture alliance

Германия канцлері Фридрих Мерц Ресейді Еуропаға қарсы гибридтік соғыс жүргізіп отыр деп айыптап, мұндай қауіптерге қарсы іс-қимыл жоспары дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі кешенді жоспарды қарайды

Мерцтің айтуынша, тамыз айының соңында құрылған Германияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі алдағы күндері өзінің алғашқы отырысында «жан-жақты іс-қимыл жоспарын» қарастырады. Бұл туралы ол Бундестагтағы үкіметтік мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды DW.

Канцлердің сөзінше, соңғы апталарда Ресейдің гибридтік шабуылдары күшейіп, Еуропаны дестабилизациялауды көздеген жаңа кезең басталған.

- Дәл Ресей Германия мен Еуропаны барынша арсыз тәсілдермен дестабилизациялауға тырысып отыр. Ол үшін диверсиялар, кибершабуылдар, жалған ақпарат тарату, кісі өлтірумен қорқыту және тыңшылық сияқты гибридтік соғыс құралдарын пайдаланады, – деді Фридрих Мерц.

Дрондар және диверсиялық шабуылдар

Канцлердің айтуынша, соңғы кездері Еуропаның әуе кеңістігінде дрондарға қатысты бірнеше күдікті жағдайлар тіркелген.

- Соңғы апталарда дрондар Еуропаның, соның ішінде Германияның да әуе кеңістігін жиі бұзып жүр, – деді ол.

Фридрих Мерц Ресей президенті Владимир Путиннің мақсаты – қоғамға үрей салып, еркін Еуропаны әлсірету екенін айтты.

- Путин қорқыныш еркін қоғамды тұсап, біздің батыл әрекет ету қабілетімізді жояды деп ойлайды. Бірақ ол қателесіп отыр, біз қорқытуға берілмейміз, – деді Германия канцлері.

Украинаға қолдау жалғасады

Фридрих Мерц Германияның Украинаны қорғауда батыл әрі ұзақ мерзімді қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

- Біз Украина халқының ержүрек қорғанысын қажетті болғанша қолдай береміз, – деді ол.

ЕО саммитінде Ресейге қысым мәселесі қаралады

Келесі аптада өтетін Еуропалық кеңестің отырысында Ресейге қосымша қысым көрсету жолдары талқыланбақ. Мақсат – Кремльді басқыншылық соғысты тоқтату және бейбіт келіссөзге отыруға мәжбүрлеу.

Серіктес жаңалықтары