×
539.56
627.35
6.84
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.56
627.35
6.84

Бензин бағасы да өспейтін болды - әзірше

Бүгін, 19:40
Бензин бағасы да өспейтін болды - әзірше
Ulysmedia коллажы

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет мүшелерімен және мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жигалыста бензин бағасының өсуіне мараторий жарияланған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды. 

«2025 жылғы 16 қазаннан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынына бағаның әрі қарай өсуіне мораторий енгізіледі. Бұл шара инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін күшінде болады», – делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік әкімдіктермен бірлесіп ішкі нарықты мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету және бақылау шараларын қабылдауды тапсырды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Кей сарапшылар  биылғы күзде Қазақстанда мұнай өнімдерінің тапшылығы болуы мүмкін екенін жазған еді.

Қазақстанда жанармай нарығындағы ең жоғары бағалар Алматы қаласындағы жанармай бекеттерінде тіркелгенін хабарлағанбыз. 

Серіктес жаңалықтары