×
539.56
627.35
6.84
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.56
627.35
6.84

Айыппұл пен өсімпұлды алып тастайды - енді не болады

Бүгін, 21:10
Айыппұл пен өсімпұлды алып тастайды - енді не болады
Ulysmedia коллажы

Қаржы министрі Мади Такиев жаңа Салық кодексіне «жұмсақ» көшуге бағытталған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАКИЕВ НЕ ДЕЙДІ?

Такиевтің айтуынша, қазіргі таңда арнайы салық режимін қолдануға арналған 1111 қызмет түрінің ішінен тек 44 түрі ғана сақталады. Сонымен қатар, негізгі қарызды өтеу жағдайында айыппұл мен өсімпұлды алып тастау туралы шешім қабылданды.

– Жаңа Салық кодексіне «жұмсақ» көшу үшін бірқатар шаралар қарастырылған, соның ішінде сервистік сүйемелдеу. Микро және шағын бизнес субъектілері үшін салықтық және камералдық тексерулер уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, тіркеуді алып тастау көзделіп отыр. Жеке кәсіпкерлерді тарату тәртібі жеңілдетіледі. Бұдан бөлек, негізгі қарызды 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтеу кезінде өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару, сондай-ақ ҚҚС бойынша шекті мөлшерден асып кеткен жағдайда әкімшілік айыппұлдан босату секілді басқа да қолдау шаралары әзірленуде, – деді ҚР Қаржы министрі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Жиналыста бензин бағасының өсуіне мараторий жарияланған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік әкімдіктермен бірлесіп ішкі нарықты мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету және бақылау шараларын қабылдауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары