×
539.56
627.35
6.84
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.56
627.35
6.84

Трамп Қытайға соққы беріп Украинаға қару алып бермек

Бүгін, 21:40
Трамп Қытайға соққы беріп Украинаға қару алып бермек
Ашық дереккөзден

The Telegraph басылымының жазуынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп «Украина жеңісі қоры» атты жаңа қор құруды тапсырды. Бұл қорды Қытайға қарсы енгізілетін баж салығынан түсетін кірістермен толтырып, Киевке қару-жарақ сатып алуға жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БРИТАН БАСЫЛЫМЫ БЫЛАЙ ЖАЗДЫ

Британ басылымының мәліметінше, 2025 жылғы 16 қазанда Трамп АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессентке осы жоспарды Еуропа елдеріне таныстыруды тапсырған. Бұл ұсыныс Украина Президенті Владимир Зеленскийдің 17 қазанда Вашингтонға жоспарланған сапары қарсаңында жасалған. АҚШ әкімшілігі әзірге бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Басылымда бұл қор «Украина жеңісі қоры» деп аталады. Қорды қаржыландыру АҚШ-тың Қытайға қарсы баж салығы есебінен жүзеге асырылады. Жиналған қаражат Украина Қарулы күштеріне қару-жарақ сатып алуға бағытталады. Жоспарға сәйкес, егер Қытай Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатпаса, Қытайдан келетін импортқа 500 пайыздық тариф енгізілуі мүмкін.

АҚШ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ НЕ ДЕЙДІ?

«Біз кез келген нұсқаны қолдаймыз: Қытайға арналған “ресейлік мұнай тарифі” немесе “украиналық жеңіс тарифі” болсын», – деді Бессент Вашингтонда журналистерге берген сұхбатында. «Украиналық және еуропалық одақтастарымыз біздің үлгімізді ұстануға дайын болуы керек», – деп атап өтті АҚШ Қаржы министрі.

Өз кезегінде Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғысты қаржыландырып отырған ресейлік көмірсутектерді сатып алудан Үндістан жақын арада бас тартады деп мәлімдеді. Бұл туралы оған Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди сендірген. «Енді біз Қытайдан да осыны талап етуіміз керек», – деді АҚШ Президенті. Бұған дейін АҚШ Үндістанға Ресей мұнайын сатып алғаны үшін қосымша 25 пайыздық баж салығын енгізген болатын.

Серіктес жаңалықтары