×
537.84
626.85
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.84
626.85
6.79

Сонда үкімет азаматтардың мүддесін ойламай жұмыс істеп келгені ме - Сәтпаев

Бүгін, 08:29
Сонда үкімет азаматтардың мүддесін ойламай жұмыс істеп келгені ме - Сәтпаев
Фото: forbes.kz

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, қазақстандықтардың табысы төмендеп, баға шарықтаған сайын биліктің «әдемі ұрандары» бұрынғыдай әсер етпейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Досым Сәтпаев президент бұған дейін премьер-министрге «азаматтардың мүддесіне сай нақты экономикалық реформалар жоспарын ұсынуды» тапсырғанын еске салды. Осыдан кейін Олжас Бектенов экономикалық реформалардың теріс салдарын азайтуға арналған жиын өткізді.

- Сонда ресми мәлімдемелерге сүйенсек, үкімет осы уақытқа дейін жасағанының бәрі азаматтардың мүддесінде болмағаны ма?!, – деп атап өтті саясаттанушы.

«Жоғарыдан түрткі болмаса – қозғалыс жоқ»

Сәтпаевтың пікірінше, дәл осы мәселені биыл жыл бойы халықтың өзі, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері айтып келді.

- Бірақ тағы да жоғарыдан біреу “бәр тебуі” керек болды, – дейді ол.

«Билік жаңа Қаңтардан қорқып отыр»

Саясаттанушының пайымынша, мұндай “түрткі” жайдан-жай емес.

- Алда жаңа референдум күтіп тұр. Конституцияға кезекті өзгерістер – билік транзитінің жаңа нұсқаларына дайындық бар. Кезекті сайлаулар. Билік жаңа “Қаңтардан” шын қорқады. Өйткені билікті кез келген жолмен ұстап қалуға арналған саяси технологиялар бұрынғыдай жұмыс істемейді, – деп жазды Досым Сәтпаев.

Саясаттанушы соңында Непал, Марокко, Мадагаскар және басқа да елдердегі зумерлер буынының көтерілісі көптеген автократиялық жүйелерді өз болашағы туралы ойлануға мәжбүрлегенін атап өтті.

Бұған дейін

Еске салайық, 16 қазанда премьер-министр Олжас Бектенов үкімет мүшелерімен және мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізген болатын. Жиналыста бензин бағасының өсуіне мараторий жарияланған. Сонымен қатар, айыппұл пен өсімпұл да алынып тасталады

Серіктес жаңалықтары