Франкфурт-на-Майн қаласындағы соттың мәліметінше, тәркілеу Ресейдің Украинаға қарсы агрессиялық соғысына байланысты бұғатталған қаражатты пайдалану тыйымын бұзумен байланысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖОҒАРЫ АЙМАҚТЫҚ СОТ ШЕШТІ
Франкфурт-на-Майндағы Жоғарғы аймақтық сот ресейлік банктің шотынан 720 миллион еуроны тәркілеу туралы іс қозғады. Бұл банк 2022 жылы Еуропалық санкцияларға іліккен. DPA агенттігі мен Die Zeit басылымының 16 қазандағы хабарлауынша, іс Германия Федералдық прокуратурасының бастамасымен қозғалған. Банктің атауы жарияланбаған. Істі қарау мерзімі әлі белгісіз.
Соттың мәліметінше, тәркілеу рәсімі Ресейдің Украинаға қарсы соғысына байланысты бұғатталған қаражатты басқаруға тыйым салу ережесін бұзумен байланысты: банк бұл қаражатты шығарып алуға тырысқан, алайда операция қабылданбаған. Осыған байланысты бұғатталған активтерді басқару тыйымын бұзды деген күдікпен іс қозғалды.
БҰҒАТТАЛҒАН АКТИВТЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Сол күні Германия канцлері Фридрих Мерц Ресейдің Орталық банкінің бұғатталған активтерін Украинаға 140 миллиард еуро көлемінде пайызсыз несие беру үшін пайдалануды қолдады. Бұл қаражат тек қорғаныс құралдарын қаржыландыруға бағытталуы тиіс.
Мерц Бундестагтағы үкіметтік мәлімдемесінде Украина бұл несиелерді тек Ресей соғыстан келген барлық шығынды өтегеннен кейін ғана қайтаруы тиіс екенін айтты.