×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Сарапшылар Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан паспорттарының беделін салыстырды

Бүгін, 13:56
Сарапшылар Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан паспорттарының беделін салыстырды
Ulysmedia коллажы

The Henley Passport Index әлем елдерінің жаңартылған паспорт рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан паспорты 67-орында тұр. Бұл қатарда Боливия мен Суринам да бар. Сарапшылардың дерегінше, қазақстандық төлқұжат иелері 78 елге визасыз кіре алады.

Салыстырмалы түрде Орталық Азияның өзге елдері Қазақстаннан төмен орын алған:

  • Қырғызстан –  81-орын (62 елге визасыз кіре алады);
  • Өзбекстан –  82-орын (61 ел);
  • Тәжікстан –  87-орын (55 ел);
  • Түрікменстан – 93-орын (48 ел).

АНЫҚТАМА

The Henley Passport Index — әлем елдерінің паспорттарын олардың иелері визасыз бара алатын мемлекеттер санына қарай бағалайтын беделді рейтинг. Индекс Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) деректеріне негізделген және Henley & Partners сарапшыларының зерттеулерімен толықтырылған.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін қазақстандықтарға жаңа үлгідегі паспорт дизайны таныстырылған еді.

Серіктес жаңалықтары