×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Қар мен тұман: қарашада Қазақстанда қандай ауа райы болады

Бүгін, 17:28
Қар мен тұман: қарашада Қазақстанда қандай ауа райы болады
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері қараша айында Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын көбіне қар түрінде түседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін, ал солтүстік пен орталық аймақтарда – боран, көктайғақ және тұман күтіледі.

«ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ АУЫТҚУЛАР»

Синоптиктердің мәліметінше, қараша айы температура сан құбылады. Ай басында солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде күндізгі температура +10 °C-қа дейін көтеріледі. Алайда ай соңына қарай суытып, түнде –15…–20 °C, күндіз –10…–15 °C шамасында болады.

Оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда ауа райы жылырақ: күндіз +18 °C-қа дейін, бірақ қарашаның соңында түнгі аяз –15 °C-қа дейін түсуі ықтимал.

Жалпы, орташа ауа температурасы нормадан 1 °C жоғары болады деп болжанып отыр. Ал жауын-шашын мөлшері норма шегінде, кей жерлерде – әсіресе елдің батысы мен солтүстік-шығысында –  әдеттегіден көбірек күтіледі.

Серіктес жаңалықтары